Қазақстан. Астана. 20 желтоқсан. Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрлігінің туризм индустриясының Департаментінің директоры Марат Иғалидың хабарлауынша жәбірленген қазақстандық туристтер туралы мәліметтер келіп тускен жоқ.
«ҚР ИДМ туризм индустриясының Департаменті Германия жеріндегі қазақстандық туристтерге қырағы болуын,қауіпсіздік шараларын сақтауын,адамдардың көп жиналған жерлерде көп болмауына ұсыныс жасайды»,-деп Иғали facebook парақшасына жазды.
Еске сала кетсек, 20 желтоқсан күні Берлиндегі рождестволық жәрмекеде болған келушілер тобырына үлкен жүк көлігі соқтығысу нәтижесінде 50 адам жарақатталып,9 адам көз жұмды.
Марат Иғали