Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Индонезияда рейд барысында үш болжамды террорист жойылды

Индонезия. 21 желтоқсан. Сәрсенбі күні Индонезия полициясы рейд барысында мемлекеттің астанасы Джакарта қаласының маңында үш болжамды террористтерді ұстады деп Straits Times-ке сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды.

«Ұстау барысында үш террорист полицейлерге оқ атып,бомба лақтырып  қарсылық көрсетті. Бомба жарылған жоқ»,- деп агенттік, Индонезия полицейлерінің сөздерің келтірді. Сондай-ақ, рейд барысында бір адам ұсталды.

Ассошиэйтед Пресс агеттігінің хабарлауынша операция барысында құқық қорғау органдарының қызметкерлері үйдің ішінде тағы да бірнеше жарылғыш зат тапты. Жақын жердегі тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді.

Индонезия полициясы Суракарта (Орталық Яваның шет аймағы) қаласында 21 желтоқсан күні жанкешті лаңкес әйелдің қатысуымен терракт дайындаған үш күдіктіні ұстады деп хабарлады.

Бұрында хабарланғандай, қараша айының сонында Индонезияда Джакартада жарылу топтамасын дайындаған  ИМ жақтаушы үш болжамды террорист қамауға алынған. Полицейлер өкілі Бой Рафли Амардың айтуынша, тұтқындалғандар парламент ғимаратын, ұлттық полицияның штаб-пәтерің, Мьянма елшілігің және екі телестанцияны жаруды жоспарлаған. Олардың бәрі Сирияда тірек еткен, жыл басында Джакартаның орталығында болған теракттар топтамасының тікелей ұйымдастырушысы Бахрун Наима деген белгілі индонезиялық исламшылдың жақтаушылары. Ол кезде төрт террористті қоса сегіз адам қаза тапты, 20 шақтысы жарақатталды.

 Дереккөз: РИА Новости

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *