Прага. 22 желтоқсан. Чех азаматтарының 90% көбі 2017 жылы «Ислам мемлекеті» содырларының (ИМ,Қазақстанда тыйым салынған) террорлық шабуылдарынан қауіптенеді, бұл туралы сәрсенбі күні жарияланған, 14-16 желтоқсан күні Median агеттігімен өткізілген әлеуметтік сауалнама қорытындысынан белгілі болды.
«Чехия азаматтарының басым бөлігі келер жылы ИМ содырларының террактілерінен қауіптенеді, тұрғындардың 93%,оның ішінде 58% бұл қатерді нақты екенін, Сириядағы исламшылардың сәтсіздігінен сон,олардың басты мақсаты Еуропа болуы мүмкін деп санайды»,-деп хабарланады.
Ұйымдастырушылар бұл сауалнама 19 желтоқсан күні Берлинд болған, салдарынан 12 адам қаза тауып, 48 ауруханаға жеткізілген оқиғаға дейін болғаның айрықша атап кетті. Германия басшылығы бұл терракт болғанын мәлімдеді.
Жасы, білім деңгейі мен тұру орнына қарамастан Еуропада болатын терракттерден бәрі үрейленетінің айтты. Бұған дейін болған сауалнамаға қарағанда Ресей жақтан келетің қатерлер, САКҰ-дың әлсіреуі мен Евроодақтағы экономикалық жағдайдың нашарлауы жайында Чехия азаматтарының қауіптенуі басылды.
Респонденттердің төрттен үш бөлігі әліде миграциялық дағдарыстың зардаптарынан және де климаттық өзгерістердің еуропа тұрғындарына әсерің тигізетінінен қауіптенеді.
Тұтас алғанда сауалнаманың қатысушылардың 43% 2017 жыл өтіп бара жатқан 2016 сияқты нәтижелі болады деп,ал 40% келер жыл одан да сәтті болады деп үміттенеді.
Median агентігінің әлеуметтік сауалнамасына бір мың адамдай қатысты.
Александр Куранов
Дереккөз: РИА Новости