Астана. 23 желтоқсан. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы Кәрім Мәсімов 23 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Антитеррор орталығының кезекті отырысын өткізді.
ТҚО-ға мүше мемлекеттік органдар басшылары және облыс әкімдері терроризмді қаржыландыру арналарын анықтау және бейтараптандыру бойынша бірлескен жұмыс тиімділігін арттыру шаралары мен жағдайын қарастырды.
Ағымдағы жылғы ТҚО қызметінің нәтижелері қорытындыланды, терроризмге қарсы жалпы мемлекеттік жүйені одан әрі жетілдіру бойынша іс-шаралар енгізілген 2017 жылғы жұмыс жоспары келісілді.