Астана. 26 желтоқсан. Қазақстан Президенті Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі ұшағының Сочи қаласы маңында апатқа ұшырауы салдарынан Ресей азаматтарының қаза болғаны туралы қайғылы хабарды зор күйзеліспен қабылдады. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі 25 желтоқсан, жексенбі күні хабарлады.
Нұрсұлтан Назарбаев қайғыға ортақтасып, Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан қаза болғандардың туыстары мен жақындарына, сондай-ақ барша Ресей халқына көңіл айтты.
Дереккөз; Ақорда баспасөз қызметі