Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Рождество күні христиан көшбасшылары адамазатты бейбітшілікке шақырды

Ватикан. 26 желтоқсанРим папасы мен Кентерберий архиепископы  өз жолдауларында терроризм туындататын үрейлер туралы айтты,деп «Америка Дауысы» жаңалықтар қызметі хабарлайды.

Соғыс пен терроризмнен зардап шеккен әлемде Франциск рим папасы рождестволық тілектермен сөз сөйледі.

Әулие Петр собороның балконынан сөз сөйлеген Франциск Сириядағы соғыстан зардап шеккен адамдар туралы,әсіресе Алепподағы «ең сұмдық соғыстар» жайлы айтып халықаралық қоғамдастықты бұл жанжалды келіссөздер арқылы реттеуге шақырды.

Әулие Петр алаңында жыл сайын болатын жолдауын есту үшін жиналған мыңдаған адамдардың алдында сөз сөйлегенде, понтифик терроризм ,әлемнің бүкіл қалалары мен мемлекеттерінде «үрей мен өлім» тарататынын еске салды.

Англия Шіркеуінің және бүкіләлемдік 85-миллиондық англикан қоғамдастығының діни көшбасшысы Кентерберий архиепископы Джастин Уэлби рим папасы сияқты ғаламшардын тұрғындарының көбін билеген үрей жайлы айтты.

Оның мәлімдемесінде «2016 жылдың аяғы бізді әбден басқа әлемде күтіп тұр – жікке бөліну мен үрейге толы»,-делінген.

Бүкіл Еуропа бойынша ислам террористтері, кеңінен таралған мейрамын тойлап жатқан христиандарға шабуыл жасайды деген болжам бар болғандықтан, шіркеулер мен соборлар манында қауіпсіздік ережелері күшейтілген.

Дереккөз«Амирика дауысы» ЖҚ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *