Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Алматы облысында «Таблиғи жамағат» ұйымының белсенді жақтастары сотталды

Талдықорған. 28 желтоқсан.- Бүгін Жамбыл аудандық соты «Таблиғи жамағат» діни экстремистік ұйымының қызметін іске асырған 5 адамға үкім шығарды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат»  тілшісі.

С. Ерімбетов — 3 жылға, А.Абдуллаев — 2,5 жылға, П. Ғафуров — 2 жылға, О.Қоштыбаев және А. Байтұрынов — 1,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Аталған тұлғалар еліміздің және Алматы облысының аумағында  таблиғи жамағат діни экстремистік ұйымының қызметіне қатысушы тұлғалардың санын арттыру, оның идеологиясын үйрету, тарату және ұйым жұмысының жүргізілуін қамтамасыз ету мақсатында заңсыз миссионерлік іс-әрекеттерді  жүзеге асырған.

Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылы 26 ақпанда Астана қаласының   Сарыарқа аудандық сотында  «Таблиғи жамағат» ұйымы экстремистік деп танылып, оның қызметіне Қазақстан Республикасының аумағында тиым салынды. Аталған  ұйым  Қазақстаннан өзге Өзбекстан және Ресей елдерінде де экстремистік ағым деп танылып, қызметіне тыйым салынған.

Дереккөз:  «ҚазАқпарат» ХАА

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *