Пекин. 29 желтоқсан. Қытайдың Шыңжаң Ұйғыр автономды аймағында көлікке мінгескен белгісіз біреулер мемлекеттік ғимаратқа шабуыл жасады.Бұл туралы Хабар 24 телеарнасы хабарлады.
Оқиға барысында террористер ғимарат күзетшісі мен Қытай компартиясының қызметкерін пышақтап өлтірді. Полиция шабуыл жасаған 3 адамды атып тастады, деп хабарлады Хабар 24.
Артынша Қытай билігі болған оқиға үшін жергілікті ұйғырларды айыптады.
Айта кету керек, жалпы өтіп бара жатқан 2016 жыл Шыңжаң Ұйғыр автономды аймағы үшін біршама тыныш болды.
Дереккөз: Хабар 24