Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Стамбулдағы сот тілшіні терроризмді насихаттау айыбымен қамауға алды

Стамбул. 31 желтоқсан. Стамбул соты жұма күні Ахмед Сика тілшіні терроризмді насихаттау және мемлекетке тіл тигізу айыбымен қамауға алды,деп «Анадолу» агенттігіне сілтеме жасай отырып РИА Новости хабарлайды.

Сот шешіміне сәйкес Сик «Түрік Республикасына,оның сот органдарына,әскерилер мен полицияға тіл тигізгені үшін және ланкесттік ұйымдарды насихаттау үшін» айыпталады.

Агенттік ақпараты бойынша айыптаушы жақта «Күрдістанның жұмыс партиясы», тыйым салынған «Революциялық халық-азаттық партия-фронт» (DHKP-C) ланкесттік ұйымдарды және де Фетхуллах Гюлен ислам дінін уағыздаушының оппозициялық ұйымын насихаттау туралы дәлелдер бар.

Рейтер агенттігінің ақпараты бойынша,Ахмед Сик тілші және фотограф болып жұмыс істейді,газеттерге,сонын ішінде Cumhuriyet газетіне мақалалар жазады.

Сенбі күні Түркия ІІМ соңғы алты ай ішінде бір мың 656 адамды әлеуметтік жүйеде терроризмді насихаттау үшін қамағанын хабарлады.

ДереккөзРИА Новости

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *