Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Алдын-ала ақпарат бойынша Стамбұлдағы түнгі клубта болған шабуылдан зардап шеккендердің арасында отандастарымыз жоқ — СІМ

Астана. 1 қаңтар. Қазіргі кезде,алдын-ала ақпарат бойынша Стамбұлдағы түнгі клубта болған шабуылдан зардап шеккендердің арасында отандастарымыз жоқ. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов телефон арқылы хабарлады.
«Біздің дипломаттар құқық қорғау органдарымен және тұрғылықты билікпен үздіксіз хабарласуда. Ақпарат әуелдегісінше тексеріліп отыр»,-деді Әнуар Жайнақов.
Бұдан бұрын мәлім етілгендей, Reinа түнгі клубындағы шабуыл салдарынан 35 адам қаза тауып, жараланғандар саны 40-қа жеткен еді. Бұл туралы Стамбұлда жүрген отандасымыз Нұрат Илияс хабарлады. Санта Клаус костюмін киген екі ер адам «Рейна» түнгі клубына басып кіріп, бейберекет оқ атқан. Олар шабуыл жасаған кезде ғимараттың ішінде 700-800 адам болған. « 2017 жыл Түркияның ірі қаласында террорлық актімен басталды. Салафиттер түнгі клубқа кіріп автоматтан жаппай оқ ата бастады. Олардың пікірінше, Жаңа жылды мерекелеу — бұл харам. Және мұндай пайымдау әлеуметтік желіде таралған»,-деп жазды Нұрат Илияс Facebook-те. Ол Стамбұл университетінде «тюркология» мамандығы бойынша докторантурада оқиды. Үш жылдан брі осы қалада тұрады.
Guardian хабарлауынша, Стамбулдағы клубқа шабуыл жасаға, ланкесттердің бірі жойылды.
Дереккөз: КазАқпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *