Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Бішкекте Стамбулдағы терактке өз азаматының қатысына сенбейді

Стамбул. 3 қаңтар. Түркияның БАҚ,жергілікті құқық қорғау органдарына сілтеме жасай отырып,теракті Өзбекістан не Қырғыстан азаматы жасады деп хабарлайды.

«Хюрриет» газетінің хабарлауынша,Түркияның құқық қорғау органдары терактті Орта Азияның келімсегі — Өзбекістаннан не Қырғыстаннан, жасады деп санайды.

«Түрік тәртіп қорғаушылары клубқа жасалған шабуыл мен маусымда Ататүрк атындағы аэропортқа жасалған шабуылдардың байланысын тексеруде. Анкара «Ислам мемлекеті» террорлық тобын бұл шабуылға қатысты деп күдіктенеді.Алайда теракт орындаушы туралы нақты мәліметтер айтылмайды.

Сол арада Қырғызстанның ІІМ Стамбулдағы шабуылға өз елінің азаматының қатысты екен деген ақпаратты тексеруде. Сыртқы саясат мекеменің ресми өкілі Айымкан Кулукееваның айтуынша «жаңажылдық түні Түркияда болған терактіге біздің азаматымыздың қатысы мекемемен тексеріліп жатыр.Стамбулдағы консулға баспасөзде пайда болған ақпаратты тексеруге жүктедік».

Елдің азаматтың терактіге қатысуы екіталай, «алдын ала мәліметтер бойынша бұл ақпарат анық емес,алайда біз оны тексеріп жатырмыз»,- деді ол.

«Бас консульствоның қызметкерлері Түркияның жергілікті билігімен және де құқық қорғау органдарымен әрдайым байланыста.Дипломаттарымыз ақпаратты әрдайым тексеріп отыр,керекті мәліметтерді анықтау жұмыстары жалғастырылуда»,— деп ІІМ баспасөз қызметі мәлімдеді.

Жаңа жыл түні Стамбулдағы Reina клубына қарулы шабуыл жасалған. Санта Клаус болып киінген лаңкес 700-дей адам болған ғимаратқа баса-көктеп кіріп келіп, қолындағы автоматпен жан-жағына оқ жаудыра бастайды,нәтижесінде 39 адам қаза тапты,70 жарақатталды.

Дереккөз: 365info.kz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *