Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Германияда теракт ұйымдастырмақ болған босқын ұсталды

Берлин. 3 қантар. Германияда сириялық мигрант ұсталды. Оған террористік акт ұйымдастырмақ болды деген күдік келтіріліп отыр. Бұл туралы дүйсенбі, 2 қаңтар күні Reuters агенттігі ел прокуратурасына сілтеме жасап хабарлады.

Ведомство өкілінің хабарлауынша, 2016 жылдың желтоқсаны күні елдің батысындағы Саарбрюккен қаласында күдікті өзінің танысына ұялы байланыс телефонымен хабарласып, әңгімелесіп отырған адамынан жарылғыш зат пен жүк көліктерін сатып алуға 180 мың еуро сұраған. Ол аталған жарылғыш затты жүк көліктеріне қосып, халық шоғырланған аймаққа енгізіп жібермек болған.

Күдікті сенбі күні, 31 желтоқсанда ұсталған. Босқынның аты-жөні әзірге құпия. Ол Германияға Сириядан осыдан екі жыл бұрын келген.

Ол өзінің «Ислам мемлекеті» ұйымының өкілдерімен байланысуға оқталғанын мойындады. Алайда теракт дайындағандығын мойындамай отыр. Оның сөзінше, ақша оның жеке өзіне қажет болған.

19 желтоқсан күні Берлинде жүк көлігі көшедегі базарда сауда жасаушыларды қағып өткен. Көлікті басқарып отырған адам ізін жасырып үлгерген. Алайда көлікте тағы бір адам отырған ол, мерт болды. Осы оқиғаның салдарынан 12 адам құрбан болып, 48 адам дене жарақаттарын алды. Германия билігі мұны теракт деп бағалап отыр.

Дереккөз:ҚазАқпарат ХАА

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *