Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

ИМ басшыларының бірі Еуропаға 400 лаңкеспен кірді

Астана. 3 қаңтар. ИМ содырларының тобы басшысымен қоса Сириядан босқындар түрінде Еуропаға кірді деп Daily Mail-ге сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды.

Бұл жасақты ИМ жоғары шенді командирлерінің бірі, Абу Абдулла аль-Косова деген атымен да белгілі албандық жиһадшы Лавдрим Мухаджери басқарған. Лаңкестердің жорамалдаған нысаналары Косоводағы мемлекеттік мекемелер мен сербиялық православты шіркеулер.

Қарашада өз тәуелсіздігін өздері жариялаған Косово мен Албания республикаларының аумағында теракт ұйымдастыруды дайындаған және ИМ байланысы бар деген күдікпен 19 адам ұсталды.Жоспарланған теракттар арасында 12 қараша күні Албания-Израиль арасындағы футбол матчында шабуыл болды. Арнайы қызметтердің ақпараты бойынша ұсталғандарды, балқандық БАҚ косоволық Джихади Джон деп атайтын, Лавдрим Мухаджери құрылымдастырып отырды.

Македония тумасы 27-жасар Мухаджери Сирияға 2012 жылдың соңында келіп,ИМ насихаттау бейнежазбаларында көзге түсті.Ол албандықтарды лаңкестік топқа қосулуына шақырды.Ғаламторда оның граната атқыштан адам өлтірген жазба мен тұтқынға алынған адамның басын кесіп алған суреттері жарияланған.

Италиялық барлау қызметінің дереккөздерінің пайымдауы бойынша жиһадшылар Еуропа мен Балқанға жаппай келіп жатыр.Кейбіреулері арнайы қызметтердің көз аясына түседі, бірақ көбі шекарадан өтіп кетеді.Шекаралар содырлар үшін өтпес белес еместігінің мысалы Мухаджеридің өзі,2013 жылы Сириядан Косовоға келіп,оны ұстағанға дейін құпия түрде Еуропадан шығып кетті,деп Daily Mail жазған.

Дереккөз: РИА Новости

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *