Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Стамбулдағы клубка шабуыл жасаған қылмыскерді ұстау арнайы операция сәтсіз өтті

Стамбул. 3 қаңтар.Түрік полициясы сейсенбіге қараған түні Стамбулда жаңажылдық түні клуб келушілерің атып кеткен лаңкесті ұстау үшін арнайы операция өткізді,деп Daily Sabah газетіне сілтеме жасап РИА Новости хабарлады.

Баспаның мәліметі бойынша,құқық қорғау органдарының өкілдері Зейтинбурну ауданыңда дүйсенбі күні жаңа жылдық түні теракт жасаған күдіктіні ұстау үшін операция өткізді.

Ассошиэйтед Пресс агенттігі,арнайы операцияның аяқталғанын айтты.Агенттіктің мәлімдемесі бойынша полиция ешкімді де ұстаған жоқ.

Еске сала кетсек, жаңа жыл түні Стамбулдағы Reina клубына қарулы шабуыл жасалған болатын. Санта Клаус болып киінген лаңкес 700-дей адам болған ғимаратқа баса-көктеп кіріп келіп, қолындағы автоматпен жан-жағына оқ жаудыра бастайды.Түркияның ІІМ мәліметтері бойынша, 39 адам қаза тапты (оның 16 өзге елдің азаматтары) және 69 адам зардап шекті. Ал шабуылдаған адам әлі табылмаған. Ол іздестіріліп жатыр. Рейтер агенттігінің ақпараты бойынша «Ислам мемлекеті» террорлық тобы терактіні өз мойындарына алды. Қазіргі кезде лаңкестің жеке басы анықталып жатыр,полициядағы ақпарат дереккөзіне сілтеме жасап түркі БАҚ хабарлауынша,ол Өзбекістанның немесе Қырғызстанның азаматы.

ДерекөзРИА Новости

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *