Анкара. 3 қаңтар. Осы аптада Түркия парламенті тағы үш айға төтенше жағдайды ұзарту мәселесін қарастырады деп Түркия премьер-министры Бинали Йылдырым мәлімдеді, деп Рейтер агенттігіне сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды.
Түркияда төтенше жағдай 16 шілде түні болған төңкеріс әрекетінен кейін үш айға енгізілді,кейін осы уақытқа ұзартылды.
Түркияның вице-премьеры Нуман Куртулмуш желтоқсанның сонында төтенше жағдай 2017 жылдың қаңтарында алынады деп мәлімдеген.
Дереккөз: РИА Новости