Стамбул. 4 қаңтар. Түрік полициясы Стамбулдағы лаңкестік әрекетке қатысты тағы 5 күдіктіні қамауға алды. Олар Измирдегі рейд барысында тұтқындалған.
Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, барлығы – «Ирак пен Левант лаңкестік тобының» мүшелері. Бұған дейін тәртіп сақшылары Ыстамбұл әуежайында тағы 2 күдіктіні қолға түсірген.
Айта кеткен жөн, жаңа жыл түні Санта-Клаус костюмін киген ер адам түнгі клубқа басып кіріп, бей-берекет оқ атқан. Атыс кезінде 39 адам көз жұмды. Марқұмдардың арасында шетелдіктер көп. Артынша қанды қырғынды «Ирак пен Левант лаңкестік тобы» өз мойнына алды. Ал атыс ашқан қаскөйдің өзі әлі табылған жоқ.
Дереккөз: Хабар 24