Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Түркия елдегі төтенше жағдай режімін тағы 3 айға созды

Анкара. 4 қаңтар. Anadolu ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Түркия парламентінің шешімімен, 19 қаңтардан бастап, елдегі төтенше жағдай режімі тағы үш айға созылады.

Еске сала кетсек, 2016 жылдың шілде айында мемлекеттік төңкеріс жасау әрекетінен соң аталмыш елде ТЖ режімі енгізілген еді. Негізгі тәртіпсіздіктер Анкара мен Ыстанбұл қалаларында болды. Салдарынан 240 түрік азаматы мерт болып, 2 мыңнан астамы жараланды. Мыңдаған адам тұтқындалды. Түркия билігі әскери төңкерісті ұйымдастыруға оппозициялық діни уағызшы, 1999 жылдан бері Пенсильванияда тұратын Фетхуллах Гүленнің қатысы барын мәлімдеп, АҚШ-тан оны экстрадициялауды сұрады.

Дерекөз: ҚазАқпарат ХАА

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *