Бағдад. 6 қаңтар. Бағдат орталығында болған жарылыста он адам қаза тауып,21 жарақат алды деп ливандық «Аль-Маядин» телеарнасы хабарлайды.
Полицияға сілтеме жасап Al Sumaria ирак телеарнасы Баб аль-Муазам ауданында миналанған көлік жарылды деп хабарлайды.
БАҚ жарылыс үшін жауапкершілікті өз мойнына ешкім алған жоқ деген ақпарат таратады.
Бұл Ирак астанасындағы бір күнде болған екінші теракт.Бұған дейін айтылғандай, бейсенбі күні Бағдаттың шығыс аумағында азық-түлік базарында болған жарылыс салдарынан жеті бейбіт тұрғын мен екі полицей қаза тапты.
Дереккөз: РИА Новости