Берлин. 6 қаңтар. Он немістің тоғызы ГФР полициясының жұмысына көңілдері толады, сонымен қатар азаматтардың жартысынан көбі арнайы қызметке сенбейді, деп хабарлады германдық Die Welt-ке сілтеме жасап «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
«Азаматтардың 90 пайызға жуығы полицияға аса сенімділікпен (88 пайыз) қарайды. 2016 жылы қазанда бұл көрсеткіш 84 пайызды құраған. Осылайша, полицияға деген сенім деңгейі соңғы жиырма жылда ең жоғары болып табылады», — деп жазды Die Welt, немістің Infratest DIMAP институтының зерттеуіне сілтеме жасап.
Құқық қорғау органдарының жұмысын қолдау рейтингі 2019 жылғы 19 желтоқсанда Берлинде рождестволық нарықта лаңкестік орын алғаннан, полицияның Кёльнде жаңа жыл түні жаппай сексуалдық зорлық-зомбылық жағдайларын қайталаудың алдын алу бойынша операциясынан кейін көтерілді.
Ал, Германияның арнайы қызметіне сенім 38 пайыздан 36 пайызға төмендеді. Әрбір екінші адам (54 пайыз) құпия қызметке мүлдем сенбейтінін айтты.
Бұдан басқа, респонденттердің жартысынан астамы (54 пайыз) канцлер Ангела Меркель басшылығындағы Германияның Федералдық үкіметіне сенетінін айтқан, ал сұралғандардың 51 пайызы министрлер кабинетінің жұмысына көңілдері толатынын жеткізген.
Дереккөз:ҚазАқпа