Измир. 6 қаңтар. Измир қаласында сот ғимаратының жанында жарылыс болды,депCNN Turk телеарнасына сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды.
Son dakika !
İzmir Adliyesi girişindeki polis noktası yakınında patlama meydana geldi.. pic.twitter.com/lwoDZ2pTED
— CEVDET KAVLAK 🇹🇷 (@CEVDETKAVLAK) January 5, 2017
CNN Turk хабарлауынша жарылыстың себебі миналанған көлік болар. Бейнежазбада жедел жәрдем көліктерінің дабылдары мен атыс естіледі.
Ең кемінде жарылыс нәтижесінде екі адам қаза тауып,оны жарақатталды.
Агенттіктің ақпараты бойынша жарылыс құрбандары полция мен сот қызметкерлері болды.
Жергілікті БАҚ полициямен болған атыс барысында екі лаңкес қаза болды деп жазуда.Тағы біреуі іздестірілуде.
Түркияның радио мен телевидениенің жоғары кеңесі оқиғаны баяндауға уақытша тыйым салды,деп агенттік хабарлайды.
Дереккөз: РИА Новости