Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Түркиядағы түнгі клубқа адамдарға оқ жаудырған лаңкес анықталды

Анкара. 8 қаңтар. Ыстанбұл полицейлері жаңа жыл түнінде түнгі клубқа келушілерге қарсы оқ жаудырған лаңкес Өзбекстан тумасы екенін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Daily Sabah басылымының жазуынша, 1 қаңтарға қараған түні Ыстанбұл орталығындағы түнгі клубта адамдарға оқ атқан «Абу Мухаммед Хорасан» лақап аты бар Өзбекстан тумасы Абдулгадир Машарипов екені белгілі болды.

Полиция болған оқиғаның картинасын жасап шықты. Машарипов түнгі клубқа кіріп келіп, ондағы адамдарға қарсы 180 оқ атқан. Одан кейін ас бөлмесіне бет алған, онда 13 минуттың ішінде киімін ауыстырып, дүрліккен жұртпен бірге сыртқа шығып кеткен.

Одан әрі лаңкес такси ұстап, көрші ауданға дейін жеткен. Машинадан түсіп бара жатып, жүргізушіге ақшасының жоқтығын айтқан. Полиция анықтағандай, ол 500 лирді түнгі клубтың ас бөлмесінде қалған курткасының қалтасында ұмытып кеткен.

Olay басылымының жазуынша, осы таксистің арқасында лаңкестің тұлғасын анықтау мүмкін болған. Сыртқы бақылау камералары арқылы қылмыскердің түнгі клубтан бастап машинаға дейінгі жолы қаралды, кейін полиция такси жүргізушісін тапты.

Машарипов Ыстанбұлға Конья қаласынан келгені анықталды. Ол 1988 жылы туған, түрік, араб және орыс тілдерін біледі.

Ыстанбұлдағы Reina клубында теракт 1 қаңтарға қараған түні болды. Қылмыскер қалың жұртқа қарсы оқ жаудырып, салдарынан 39 адам мерт болды. Қаскөй қашып кеткен. Лаңкестік үшін жауапкершілікті «Ислам мемлекеті» (Қазақстан аумағында тыйым салынған) тобы өз мойнына алды.

Дереккөз:ҚазАқпарат ХАА

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *