Иерусалим. 9 қаңтар. Иерусалимдегі лаңкестік әрекетті «Ирак және Левант лаңкестік ұйымы» өз мойнына алды- деп Хабар 24 телеарнасы хабарлайды.
Естеріңізге салайық, Израильдің Иерусалим қаласында ер адам жүк көлігімен әскери қызметкерлерді қағып кеткен болатын. Салдарынан 4 адам көз жұмып, тағы 15-і жараланды. Жергілікті билік бұл оқиғаны лаңкестік әрекет деп атады.
Дереккөз: Хабар 24