Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Израиль әскерилеріне шабуыл жасаған қаскөйдің аты-жөні анықталды

Иерусалим. 9 қаңтар. Израиль полициясы Иерусалим қаласындағы әскерилерге шабуыл жасаған қаскөйдің аты-жөнін анықтады.Бұл туралы Хабар 24 телеарнасы хабарлады.

Ол Джебель Мукабер ауданының тұрғыны 28 жастағы Фади Кунбар есімді палестиндық болып шықты. Қастандықтан 4 әскери қызметкер мерт болып, 13-і жарақат алған. Ал шабуылды жасаған адам сол жерде полиция қолынан қаза тапты. Іле-шала шабуылды «Хамас» тобы өз мойнына алды.

Айта кетейік, Израиль мен Палестина арасындағы қақтығыстар 2015 жылдың қыркүйегінен бері ушығып кеткен. Сол уақыттан бастап Израиль әскерилеріне 300-ден аса шабуыл жасалды. Салдарынан 40-қа жуығы қаза тауып, 500-ден астам израильдік жарақат алды. Қақтығыстардан 230-ден астам палестиналық мерт болған.

Дереккөз; Хабар 24

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *