Астана. 9 қаңтар. Қазақстан – Өзбекстан мемлекеттік шекарасында шекара бұзушы ұсталды. Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлайды.
Сарыағаш шекара отрядына қарасты «Дархан» заставасының шекара наряды мемлекеттік шекараны өзінің қалауынша бұзып өтуге тырысқан азаматты ұстады.
Басқару пультіне сигнал түскен сәтте шекара заставасы «Дабыл» белгісі бойынша дереу іске кірісті. Аталған участокқа келіп жеткен шекарашылар, қоршау шарбағын бұзып өткен әлдекімнің ізін байқайды. Із бойынша қарағанда шекара бұзушы Қазақстаннан Өзбекстанға қарай кетіп бара жатқаннын аңғарады. Көп ұзамай шекарашылар шекара бұзушыны қолға түсіреді. Ол 32 жастағы Өзбекстан азаматы болып шықты. Қалтасынан 530 АҚШ доллары, діни сипаттағы кітаптар табылды.
Өзбекстан-Қазақстан мемлекеттік шекарасын 2012 жылдың қаңтар айында өткізу бекетінен тыс жерде кесіп өткендігі анықталды. Енді еліне қарай қайтып бара жатқан беті екен. Аталған дерек бойынша ОҚО Сарыағаш аудандық прокуратурасы хабарландырылды.
Дереккөз: ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі