Астана. 10 қаңтар. Бас Прокурордың орынбасары М. М. Ахметжановтың басшылығымен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының делегациясы 2016 жылғы желтоқсанда жұмыс сапармен Сауд Арабиясы Корольдігіне барды. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.
Қабылдаушы тараппен Корольдіктің экстремизммен және терроризммен күрес, сотталғандарды оңалту және электронды қылмыстық істер бойынша оң тәжірибесін ұсыну ұйымдастырылды.
Делегация аймақтық прокуратуралардың, ханзада Мохаммад Бин Наифтың атындағы өсиет жасау және қамқорлық Орталығының, экстремизм мен терроризм үшін қамалған және сотталған тұлғалар үшін түзету колонияларының жұмысымен танысты.
Сапардың нәтижелері бойынша Қазақстанның құқық қорғау және арнаулы органдарының жұмысына оң бастамаларды енгізу бойынша жоспар әзірленді.
Дереккөз: ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі