Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Қазақстандықтар күмәнданған адамдары жайлы Бас прокуратураның сайтында аноним хабарлай алады

Астана. 13 қаңтар. ҚР Бас прокуратурасының сайтында қолданушылар аты-жөнін көрсетпей, бланкті толтыра отырып, экстремизм мен терроризм көріністері туралы арнайы бөлімде* хабарлама қалдыра алады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кез келген адам жолдайтын хабарламасымен қоса, онда суреттер, скриншоттар, видеолар мен аудиожазбалар жібере алады. Олар күмән тудырған адамдарға қатысты мәліметтерді жіберуі керек екен. Мысалы, заңсыз есірткі саудасымен, қару мен жарылғыш заттарды сатумен айналысатын, Интернетте экстремизм, терроризм және ұлттар арасында араздық қоздырғандар, сонымен қатар, тұрғын үйлерге, ғимараттарға және көлік құралдарына суреттер салып тастаған немесе үгіт мазмұндағы материалдар жазып кеткендер жайлы хабарлама қалдыруға болады.

Сондай-ақ, кез келген адам ұсыныс қалдырып, экстремизм мен терроризмге қарсы күресуге қатысты ойларын бөлісе алады.

*ҚР Бас прокуратурасының арнайы бөліміне сілтеме

Дереккөз: Tengrinews.kz 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *