Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Қызылорда студенттеріне діни экстремизмнің алдын алу сұрақтары бойынша семинар өткізді

Қызылорда. 13 қаңтарҚорқыт ата атындағы ҚМУ Студенттер сарайында,12 қаңтарда діни экстремизмнің алдын алу сұрақтарына арналған семинар-жиналыс болды. Семинарға облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов, прокуратура, ҰҚКД, ішкі істер органдарының,жоғары және арнайы оқу орындарының өкілдері мен ауыл округтарының әкімдері қатысты,деп Кызылординские Вести хабарлайды.

Атап өтілгендей, Қазақстанда әртүрлі этностар мен конфессиялардың бейбіт өмір сүру бірегей моделі құрылып,дінаралық келісімнің бекемдеуінің мол тәжірибе жиналған. Бірақ қазіргі кезде әлемде экстремисттік жөні бар ағымдар кенінен таралып жатыр.Қазақстан да сонын ішінде. Елге әр түрлі мәнді уағыздаушылар мен дін таратушылар келе бастады. Діни ұғымдармен бірге олар азаматтарымыздың мәдениеті мен өмір салтына,мемлекеттің заманауи құрылысына қайшы келетің қауіпті идеялар әкеледі.

Ақтөбе мен Алматыда болған оқиғалар құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтерді ғана емес, жұртшылықтын да мазасын алды.Қазіргі басты мақсат – сырттан келген зұлыммен алдын алу шаралармен күресу.Билік,құқық қорғау органдарының,жұртшылықтын әрекеттері елге,әсіресе жастарға діндегі радикалды ағымдардың кері әсеріне түсінік беріп, жұртшылықтын діни сауаттылығын арттыруға бағытталу керек.

Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы А.Қайруллаев діни экстремизм мен терроризмге қарсы қимыл шаралары туралы хабардар етті.

Облыстық ІІД экстремизммен күресу басқармасының басшысы мен Қызылорда облысы мен Байқоныр қаласының ҰҚКД К.Оразов пен С.Кунбасовтың, облыстық прокуратура бөлімшесінің басшысы Е.Ержановтың сөздері Қазақстан аумағындағы тыйым салынған діни ұйымдардың әрекетің тоқтату мәселесіне болды.

ДереккөзКызылординские Вести

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *