Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Қауіптің «сары деңгейі» кезінде күдікті заттар туралы хабарлама 128 пайызға артқан

Астана. 18 қаңтар. Қазақстанда террорлық қауіптің «сары деңгейі» кезінде азаматтар тарапынан күдікті заттар туралы айтылған хабарламалар саны 127,7 пайызға артқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2016 жылы уәкілетті органдар азаматтар тарапынан қауіпті заттар туралы 426 хабарлама қабылдады. Соның ішінде, 130 хабарлама 2016 жылдың 6 маусымына дейін, яғни, террорлық қауіптің «сары деңгейі» енбей тұрғанда, ал, 296 хабарлама «сары деңгей» енгізілгеннен кейін қабылданған»,-деп хабарланған Ұлттық қауіпсіздік комитетіне ресми жолданған сауалға жауабында.

Жалпы, 2016 жылы қауіпсіздікті сақтау қызметтері террорлық акт туралы 157 құпия қоңырау қабылдаған екен. Оның ішінде, 95 қоңырау 6 маусым мен 31 желтоқсан аралығында қабылданған ақпараттар.

Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылдың 16 қаңарынан бастап Қазақстанда террорлық қауіптің «сары деңгейі» жабылды.

2016 жылдың 6 маусымында Ақтөбе қаласында орын алған террорлық актіден кейін Қазақстан Республикасының аумағында террорлық қауіптің «сары деңгейі» енгізілген болатын.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *