Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Атырауда тыйым салынған діни бірлестіктің мүшелері айыпталды

Атырау. 21 қаңтар. № 2 Атырау қалалық соты «Ат-Такфир уаль-Хиджра» (Қазақстанда тыйым салынған) экстремисттік ұйымның төрт мүшесіне үкім шығарды.Бұл туралы қалалық сот баспасөз қызметі хабарлады.

«№ 2 Атырау қалалық сотының үкімімен үш ер азамат пен бір әйел адам терроризмді насихаттау үшін айыпталды. Күшіне енген сот шешімімен әрекетіне тыйым салынған «Ат-Такфир уаль-Хиджра» халықаралық экстремисттік ұйымның әрекетіне қатысып,телекамуникация желілерің қолданып экстремисттік бағыты бар материалдарды таратып,терроризмді насихаттағандары сот барысында анықталды»,-деп баспасөз қызметі хабарлайды.

Сот үкімімен сотталушылар ҚР ҚК 256 бабының 2 тармағы,405 бабының 2 тармағы бойынша айыпты болып саналып 1 жыл бас бостандықтарынан айырылды.Жазаларың жалпы режимдегі колонияда өтейді.

Дереккөз:  № 2 Атырау қалалық сотының баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *