Астана. 24 қаңтар. Террористік ұйымның бірқатар содырлары Сауд Арабиясындағы мұсылмандардың қасиетті мекені Мекке қаласында жоспарланған терактіге қарсылық танытты. Бұл туралы ДАИШ ұйымынан осы себеппен кеткен Әбу Абдалла есімді содыр хабарлады.
«Мен ДАИШ-тан өткен Рамазан айында Сауд Арабиясындағы мұсылмандардың қасиетті орындарына жоспарланған теракті үшін кеттім. Олар шабуыл ұйымдастырмақ болды, мұсылмандарды өлтіру – кәдуілгі іс деп білді. Мұсылманды өлтіргенге тұрған ештеңе жоқ деп санаған ұйым басшылары осы қанды қылмыстарын Қағбада жасамақ болды. Менің соңымнан басқа да бірнеше содырлар ұйымнан шықты» деп атап өтті ол.
Айта кетсек, Әбу Абдалланың сұхбаты араб жаңалықтар порталының бірінде жарияланған.
Дереккөз: KazIslam