Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Атырау облысының 8 азаматына халықаралық іздеу жарияланды

Астана. 26 қаңтар. Атырау облысының үш азаматы Сириядағы әскери қақтығыстарға қатысқаны үшін халықаралық іздеуде жүр.

Аталған үш азамат та дәстүрлі емес діни ағымды ұстанады және оларға халықаралық іздеу жарияланған. Қашқындарға қатысты ҚР ҚК 172 бабы – «Шетелдегі әскери қақтығыстарға қатысу» бойынша қылмыстық іс көтерілді.

Оларды 5 жылдан 9 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады.

«Іс деректері бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, тергеу мүдделеріне сәйкес толық мәлімет берілмейді» деп түсіндірді Атырау қаласы №2 соты судьясы Гаухар Ибрашева.

Терроризмге көмек көрсету және теракті жасауға ашық шақыру бойынша Атырау облысының тағы екі әйел азаматшасына да халықаралық іздеу жарияланған. Алдын ала болжамға сәйкес, олар да Сирияға қашып кеткен көрінеді. Аталған азаматшаның біріне 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу, екіншісіне 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу үкімі кесілуі мүмкін.

Жалпы өткен жылдың есебі бойынша қазіргі уақытта Атырау облысының сегіз азаматына халықаралық іздеу жарияланған.

Дереккөз: KazIslam

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *