Астана. 27 қаңтар. Мәжіліс депутаты Мәулен Әшімбаев заңнамаға енгізілген өзгерістер жайында түсініктеме берді және ұлттық қауіпсіздік органы тарапынан асыра қолдану әрекеттері болмайтынына сенім білдірді. Бұл туралы KazIslam хабарлайды.
М.Әшімбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің сайттарды бұғаттау құқығын көтеретін заңнамалық өзгерістерге байланысты БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді.
«Жалпы, бұл мәселеде жіті көңіл бөліп қарау керек. Негізінен, бастама Ұлттық қауіпсіздік комитеті уәкілеттігін тиісті дәрежеге көтеруді көздейді» деді депутат. Ол бұл өзгерістер негізінде антитеррористік операция барысында халықтың өміріне қауіп төнген жағдайда Ұлттық қауіпсіздік комитеті байланыс желілерін үзу құқығын беретінін жеткізді.
«Террористік қозғалыстарға немесе террористің өзімен байланысы бар адамның интернетке шығу мүмкіндігінің алды алынады немесе ұялы телефоны бұғатталады» деп атап өтті ол.
Айта кетсек, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Қазақстан Республикасының экстремизм мен терроризмге қарсы күрес мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы күшіне енді. Өзгерістерге сәйкес, ұлттық қауіпсіздік органы сот шешімінсіз интернетті бұғаттау құқына ие болады.
Дерккөз: KazIslam