Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

РАДИКАЛДЫ ҰЙЫМДАРДЫҢ ШЫНАЙЫ БЕТПЕРДЕСІ

Бүнінгі күні жаһандық БАҚ-да «лаңкестік» сөзі «Ислам» сөзімен қатар айтылып, тіпті, кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында «Ислам радикалдары» деген әділетсіз, орынсыз тіркестердің жиі айтылатынын естіп жүрміз.

Ислам мен лаңкестікті бір-бірімен байланыстырып, орайлас ұғымдармен қатар қолдану қаншалықты негізді? Екі қарама-қайшы ұғымдарды бір мезетте қатар қолданылуы мүмкін болмағаны секілді – дін мен лаңкестікті қатар қолдану әсте мүмкін емес. Мәселен, ақ пен қара, күндіз бен түн, қозғалыс пен тыныштық т.б. секілді қарама-қайшы ұғымдарды бір мезетте болуы мүмкін емес екені сөзсіз. Сондықтан да санқырлы ақпараттарды осы аталмыш табиғат заңдылықтарымен байланыстырып, ақыл таразысына салуымыз қажет.

 Сонымен қатар, қой терсін жамылған радикалдық ұйымдардың мұсылманшылыққа еш қатысы жоқ лаңкестік әрекеттері – асыл дініміздің нұрлы бейнесіне дақ түсіруге бағытталған жымысқы пиғылдың нәтижесі десек артық кетпеспіз.

Тарихқа зер салайықшы, ХХІ  ғасырдың соңғы онжылдығы исі мұсылман үмбеті үшін әрқилы сынақтармен басталып, бір жарым миллиардқа жуық адамды құрайтын ислам дүниесі бүгінде мызғымас тұтастық құра алмай отыр.

Бүгінгі күні лаңкестік әрекеттер біздің елімізден тыс жерлерде бой көрсетуде. Яғни, зорлық – зомбылықты жалау еткен ислам атын жамылған радикалдық ұйымдар пайда болды. Ирак және Сирия елдерін зорлық-зомбылықпен жаулап алып, жоқ жерден «Халифат» орнатып, тіпті, халиф тағайындап алған ИШИМ деп аталатын халықаралық террористік ұйымы – бүгінгі жаңа ғасырдың айықпас індетіне айналды.

Әлемдік БАҚ-ның жарыса талқылап отырған тақырыбы да ДАИШ ұйымының қантөгістері мен бейбіт тұрғындарға көрсеткен зорлық-зомбылықтары. ИШИМ  (ДАИШ) – деген атауына келер болсақ, Ирак және Шам Ислам Мемлекеті деседі, БАҚ-да да осылайша таралып кеткен.

Ал, ДАИШ содырлары деп – халықаралық террористік ұйым жетегінде жүргендерді атайды. Басшылары — Әбу Бәкір әл-Бағдади. Негізгі мақсаттары – халифат құрып, жазықсыз адамдарды өлтіру. Яғни, мұсылманшылықпен үш қайнасада сорпасы қайнамайтын әрекеттерімен танылып жатқаны рас.

Осыған орай, әлемдегі 120-дан астам ислам ғұламалары мен мүфтилерінің қолдары қойылған ашық хат жолданған еді. Ашық хатта – ДАИШ содырларының жасап жатқан әрекеттері мен деклорацияларына талдау жасап, олардың Ислам ұстанымдарына мүлдем сәйкес келмейтінін мәлімдеді. Ғұламалар оларды тәубеге келіп, қайырымдылық пен мейірімділік дініне қайтуға, лаңкестік әрекеттерін тоқтатуға шақырған болатын. Алайда, бұған құлақ асып, лаңкестік әрекеттерін тоқтатар емес. Өйткені, террористердің – ұлты да жоқ, діні де жоқ!

Ендеше, осы аталмыш радикалдардың шынайы бетпердесі жөнінде тоқталғанымыз жөн болар.

Бүгінде ДАИШ деп аталған террористік ұйымын – сонау тарих сахнасында мұсылман үмбетінен бөлініп шыққан «харижилік» бағытының бір көрінісі деуге болады. Өйткені, ДАИШ радикалдарының іс-әрекеттері харижиттердің қылған қылмыстарымен сай келіп, мұсылман арасында бүлік туғызып, жазықсыз адамдарды өлтіріп, лаң, қантөгістермен танылған еді. Мұны шариғат терминінде – «Фитна» деп атайды. Ал, Алла Тағала Құранда «Фитна – өлімнен де жаман» деген болатын. Демек, бұл экстремистік ұйымдардың Құран мен Хадистен үкім алмайтындығын аңғаруға болады. Сондай-ақ, қасиетті Құран аяттарын, соның ішінде «Жиһадқа» қатысты аяттарын өз мүдделеріне бұрмалап алып, жақтаушыларының саналарын жаулаған. Сондықтан да бүгінгі ДАИШ пен бұрыңғы харижилердің ешқандай айырмашылығы жоқ десе де болады. Олардың іс-әрекеттерін ешқандай ғалымдар мен имамдар қолдамаған. Керісінше, әрдайым лаңкестерге қарсы іс-шаралар өткізіп отырған.

ДАИШ-ке аттанған радикалды топтардың шынайы бетпердесін айқындау, сондай-ақ жуырда экстремистік ұйым ретінде танылған «Такфир уал-һижра» деп аталатын радикалдық бағыттағы топпен байланысы анықталды. ДАИШ пен «Такфир уал-Һижраның» өзара байланысы «Такфиризм», яғни ғибадат жасамаған адамды кәпірлікпен айыптаулары мен «уал-һижра» араб тіліндегі көшу, қоныс аудару ұғымдарын беретін халифат құруға шақыруларына жауап берулері. ҚР-да сот шешімімен «Такфир уал-Һижра» ұйымы экстремистік ұйым ретінде танылғанының бірден-бір себебі осы. Сондықтан да ислам ғұламалары, соның ішінде қазақ даласының ғасырлар бойы ұстанып келген ханафи мәзһабында – ғибадат жасамаған адамды – кәпір санау – дұрыс емес. Ханафи мәзһабы түгілі – Мәлики, Шафиғи және Ханбали мәзһаптарында да – кәпірлікпен айыптамаған. Осы аталмыш төрт мәзһаптың дәлелі – пайғамбарымыздың (с.ғ.с): «Кімде-кім Алладан басқа тәңір жоқ, Мұхаммед оның елшісі,-деп күәлік етсе – жәннатқа кіреді»,-деген хадисін алға тартып, ғибадат жасамаған адамды – жүздерін құбылаға қаратқан «Әһлү Қибла» деген үкім берген. Міне, сондықтан да мұсылман жұртшылығы біреуге кәпір деп атаудан сақтанған болатын. Өйткені, пайғамбарымыз (с.ғ.с) біреуді кәпір деп айыптаудан тыйған еді. Әрбір айтылған сөз иесін табатынын ескертіп, біреуге кәпір деп айтып, ол шын мәнінде кәпір болмай шықса, онда сол сөз өзіне қайтып келетінін ескертен болатын. Міне, сол себепті қазіргі «Такфиризм», «Уал-Һижра» т.б. ұйымдардың шығарып жүргендері асыл дінімізде болмаған құбылыстар екеніне көз жеткіземіз. Ал, ДАИШ-тің әрекеттері ислам тарихында адасқан ағым ретінде танылған «Харижиттік» бағытына тікелей қатысы бар, яки «Харижиттердің» бүгінгі көрісі десек қателеспеспіз.

ҚҚ «Қазақстан Республикасындағы терроризм және экстремизм мәселелерін зерттеу орталығының» Президенті, докторант (Ph.D) Серік Тәжібаев

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *