Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

ХАРИЖИТТЕРДІҢ ӨТКЕНІ МЕН БҮГІНГІ КӨРІНІСІ

Тарих сахнасында алғашқы адасқан ағымдардың бірі – харижиттер. Харижиттер – өздерінен басқа мұсылманды дінсіз, мүшрик санап, оларды өлтіруге, тіпті, әйел, бала-шағасын құлдыққа алуды адал санап, шариғат шеңберінен шығып кеткен топ. Харижиттердің мұндай істері – зорлық-зомбылық пен лаңкестікке негізделгені айдан анық.

Сондықтан да харижиттердің мұндай істері ислам тарапынан құпталмаған, керісінше олардың лаң әрекеттеріне қатаң тыйым салынып, тіпті, өлім жазасы берілген кездері де болған.

Осы орайда харижизмнің террорлық идеологиясының өткені мен бүгінгі таңдағы көрінісі жөнінде тоқталсақ. Харижит атауылысы тарих сахнасынан жойылып кеткенімен, алайда олардың идеологиялары мен принциптері толығымен жойыла қойған жоқ.

Соңғы жылдары әлемдік БАҚ-да күнаралық жаңалықтарда естіп, тыңдап жүрген «ИГИЛ», «Такфир уал-Һижра», «ДАЙШ» және «Әл-Каида» сынды террористік ұйымдардың Таяу Шығыстағы қақтығыстары белең алып,  бұқара жұртшылықтың емін-еркін өмір сүруіне қауіп төндіріп отыр. Бұл құбылыстардың барлығы – харижиттік бағытының бүгінгі көрінісі десек қателеспеспіз. Өйткені, бүгінгі барлық террорлық әрекеттердің аспектілері – харижизм идеологиясымен дәл ме дәл келіп отыр.

Ендеше, харижиттердің дүниетанымдары мен қазіргі замандағы көрністерін зерттей отырып, лаңкестік әрекеттерімен әлемді дүркіреткен ұйымдар аз емес. Харижилік ұстанымдарына тікелей қатысы бар, сондай-ақ, тарих беттерін қанды оқиғаларға толтырған топтар, олар: «Талибан», «Хизбут Тахрир», «Ихуан Муслимин», «ИГИЛ» және «Такфир уал-Һижра» сынды лаң, опасыз әрекеттерімен танылды. Аталмыш террористік ұйымдардың ең қауіптісі – қой терісін жамылған қасқырлардың – дін атын жамылулары. Дін атын жамылып, жалған «Халифат» ұранымен талай жастарды адастырып, қасиетті Құран аяттары мен пайғамбар (с.ғ.с) хадистерін бұрмалап алып, халықаралық терроризмге жол ашты.

Дегенмен, асыл дініміз жазықсыз адамның жанын қиюға үзілді-кесілді жол бермейді. Сондықтан да пайғамбарымыз (с.ғ.с) харижиттердің қатыгездіктерін ескеріп, оларды – «Тозақтың Иттері» деп атағаны босқа емес. Сөзбе сөз айтқанда «Килаб ан-Нар» деп атаған. Харижиттердің өткені мен бүгінгісін байланыстырғанда – бүгінгі террористік ұйымдарды, соның ішінде «ДАЙШ» содырларын – харижиттердің бүгінгі көрісі екені айқындалады.

Бұл кезде не істеу керек? Бұхаридің ұстазы Нұғайм Бин Хаммад «Фитан» атты еңбегінде Имам Ибн Әбу Тәліптің (Р.а) мына сөздерін келтіреді:

«Қара жалауларды көрген кездеріңде жерге бұғып, аяқ-қолдарыңды қозғалтпаңдар…»,-деген. Демек, ардақты сахабамыздың бұл өсиеті исі мұсылман атаулысына арналады. Бүгінгі таяу шығыстағы қара жалау көтерген дін атын жамылған «ДАЙШ» содырларының әрекеттеріне әу-баста тосқауыл қойылғанын аңғарамыз. Сондай-ақ, олардың лаң істеріне араласпай, тіпті, орындарынан қозғалуға да тыйым салынғандығына көз жеткіземіз.

Енді бір ескере кетерлік жайт – «ДАИШ» содырларының сенімдік ұстанымы да – харижиттердің сенімдеріне сай келеді.

Осы орайда Хафиз Ибн Ражаб (Рх.а): «…Харижиттер – күнә жасаған мұсылмандарды кәпірге шығарып, оларға кәпір ретінде қарап, өмірлері мен дүние-мүлкін рұқсат етті»,-деген. Демек, мұсылман адам үлкен күнә жасайтын болса – кәпірге шығарады. Ал, бұл болса – пайғамбар (с.ғ.с) үмбетінің ұстанымына қарама – қайшы келетіні анық. Үлкен күнә жасаған адам – пасық болары сөзсіз. Алайда, діннен шықты деген бірде-бір дәлел жоқ. Тіпті, имам әл-Бухаридің Сахихінде осыған байланысты хадистерді қамтитын бөлімді «Күпірден де кіші күпір» деп, үлкен күнә жасаған пендені – кәпір санамаған. Сондай-ақ, джумһур ғұламалары: «Үлкен күнә жасаған адам – кәпір саналмайды» дегенінде бірауыздан келіскен. Осыған байланысты Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Мұсылманды күпірде кінәлаған адам, оны өлтіргенмен тең!»,-деген хадисі бұлтарпас айғақ болатыны сөзсіз.

Осылайша, әу-бастағы харижиттердің сенімдік ұстанымдарына жауап бере отырып, бүгінгі «ДАЙШ» содырларының таяу шығыстағы бейбіт мұсылмандарды күпірлікпен айыптап, малдары мен дүние-мүліктеріне рұқсат берулері – шариғат тұрғысынан үзілді-кесілді тыйым салынады. Сонымен қатар, мұндай ұстанымдағы кез-келген адам – харижиттік ұстанымында болғаны. Ал, харижиттердің өткені мен бүгінгісі болсын – «Тозақтың иттері» болып табылатыны анық!

Қорыта келгенде, харижиттердің өткені мен бүгінгісі болсын бағыттары да, сенімдік ұстанымдары да, лаңкестік әрекеттері мен қылмыстары да – асыл дінімізге қайшы келетіні айқындалды. Жалпы, харижиттердің Құран мен сүннетке қайшы келетін тұстары өте көп. Дегенмен, түсінген адамға, жүрегінде иманы бар адамға – жоғарыда келтірген бір-екі дәлеліміз жетіп асады. Алла Тағала баршамызға иман мен дінді дұрыс түсінуді нәсіп етсін!

ҚҚ «Қазақстан Республикасындағы терроризм және экстремизм мәселелерін зерттеу орталығының» Президенті, докторант (Ph.D) Серік Тәжібаев

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *