Астана. 8 ақпан. Ұлттық қауіпсіздік комитеті мемлекеттік органдармен бірлесе Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2017-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және оны жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспары жобаларын әзірледі.Бұл туралы ҚР ҰҚК Баспасөз қызметі хабарлайды.
Бағдарлама азаматтардың радикалдануына жол бермеуге, діни өшпенділік немесе араздықты қоздыратын экстремистік идеяларды жақтайтын тұлғалардың дерадикалдануына мемлекет пен қоғамның бірлесе күш салуына жұмылдыруға бағытталған.
Қазіргі уақытта Мембағдарлама мен оны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобалары бұқаралық талқылауға ашық. Ұсыныстар мен ескертулер atc@knb.kz. электронды адресіне қабылданады.
Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасы
Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы
Дереккөз: ҚР ҰҚК Баспасөз қызметі