Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2017 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2017 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама (бұдан әрі — Бағдарлама) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) бір ай мерзімде Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісім бойынша Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін және бекітсін;
2) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығында белгіленген мерзімдерде және тәртіппен Бағдарламаның орындалу барысы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат ұсынсын.
3. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
4. «Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013 – 2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 қыркүйектегі № 648 Жарлығының («Егемен Қазақстан» 02.10.2013 ж. № 224 (28163); «Казахстанская правда» от 02.10.2013 г. № 286 (27560)) күші жойылды деп танылсын.
5. «Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ, 2010 ж., № 25-26, 185 бет) мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік бағдарламалар тізбесінде реттік нөмірі 4 жол алып тасталсын;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік бағдарламалар тізбесінде реттік нөмірі 4 жол алып тасталсын;
реттік нөмірі 9 мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«9.
|
Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2017 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама
|
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті
|
2017 жылғы 25 наурызға дейін
|
2017 – 2020 жылдар
|
2017 жылғы 25 наурызға дейін».
|
6. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
7. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев
Астана, Ақорда, 2017 жыл
Қосымша: