Нью-Дели. 12 ақпан. Джамму және Кашмирде үнді құқық қорғау органдарының қызметкерлері төрт содырдың көзің жойды. Арнайы операция кезінде қауіпсіздік күштерінің үш қызметкері көз жұмды, деп ANI агенттігіне сілтеме жасап, РИА Новости хабарлайды.
Кулгам округінің елді мекенінің біріндегі әскер мен полицияның бірлескен операциясы жексенбіге қараған түні басталды. Елді мекен қоршалып, кейін осы жерде жасырынған содырлардың іздестіруі басталды.
Үйлердің бірінде жасырынған содырлар қауіпсіздік күштерінің қызметкерлеріне оқ жаудыра бастады. Операция жалғасып жатыр, құқық қорғау қызметкерлерінің ақпараты бойынша кейбір содырлар оқиға орнынан қашып құтылды.
Дереккөз: РИА Новости