Қызылорда. 18 ақпан. Аудандық терроризмге қарсы комссия мен аймақтық қорғаныс ведомство қызметкерлеріне облыстық мобилизациялық дайындық басқармасымен әзірленген екі күндік оқыту семинар-жиналыс «Экстремизм мен терроризм нәтижелі күрес» деген атпен өтті деп Кызылординские Вести хабарлайды.
Қатысушыларды ҚР экстремиз мен терроризмге қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздерімен облыстық мобилизациялық дайындық басқармасының жетекшісі, аудандық терроризмге қарсы комссия аппаратының жетекшісі Серік Сермағамбетов жан-жақты талқылап, түсіндірді. Қызылорда облысы мен Байқоныр қаласының ҰҚКД терроризмге қарсы орталығының басшысы Ерлан Бекжановтың, облыстық ІІМ экстремизммен күрес басқармасының аға инспекторы Мадияр Дарихожаевтің, облыстық мобилизациялық дайындық басқармасының қызметкерлері Ерлан Бәкіров, Айбек Жылқыбай мен Ардақ Әбішеваның және басқалардың сөйлеген сөздері қызықты әрі мазмұнды болды.
Дереккөз: Кызылординские Вести