Лондон. 21 ақпан. Лондонда лаңкестік ұйым қатарына қосылғысы келген бес жасөспірім ұсталды, деп Скотленд-Ярдқа сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды.
«Тыйым салынған ұйымға қосылымыз деген мақсатпен кетпекші болғандары үшін қамауға алынған», — деп Скотленд-Ярд сайтында айтылған. Лаңкестік ұйымның аты аталмаған.
Қамауға алынғандардың бәрі 20 жасқа да толмаған, ең кішісі 15 жаста, бәрі де ер балалар.
Дереккөз: РИА Новости