Сана. 24 ақпан. Занзибар қаласындағы әскери лагерьге көлік мінген жанкешті шабуыл жасап, бомбаны іске қосуынан 8 сарбаз қаза тауып, 10 әскери жараланды. Бұл туралы жергілікті билікке сілтеме берген Reuters хабарлайды.
Оқиға барысында әскери форма киген террорист лагерьге көлікпен кіргеннен кейін темір тұлпардың күлі көкке ұшқан. Жергілікті билік қанды қырғынды «Аль-Каидадан» көріп отыр.
Дереккөз: Хабар 24