Астана. 24 ақпан. Үш жыл бойына халықаралық іздеуде жүрген уағызшы елге қайтарылды. Діни экстремизм мен тәкфіршілік идеясын насихаттаған Әбдухалил Әбдужаппаров теріс діни ағымды ұстанушылар арасында Шейх Халил есімімен белгілі. Енді ол заң алдында жауап беретін болады.
Радикалды діни бағытты уағыздаушының ғаламторда жүздеген роликтері жүр. Онда ол Қазақстандықтард
«Абдухалилдің теріс пиғылдағы діни уағыздарына арбалған ондаған отандасымыз Сирия, Ауғанстан сияқты соғыс ошақтарына барып, жалған жиһадқа қатысып, жан берді. Отбасыларына қайғы қасірет әкелді. Ел аумағында лаңкестік әрекеттер жасады» — «Контртеррористі
Бүгін сондай-ақ Қарағанды облысының аппеляциялық соты былтыр жыл соңында сотталған Балқаш экстремистеріне қатысты шыққан үкімнің күшін өзгеріссіз қалдырды. Есте болса, 10 нан 14 жылға дейін арқалаған 7 экстремист жазаны жеңілдетуді сұраған болатын. Айта кету керек, Ұлттық қауіпсіздік комитеті соңғы жылдары экстремистік идеялардың таралуы мен алдын алуға қарсы күресті күшейткен.
«2013 жылдан бастап Ұлттық қауіпсіздік комитетімен 57 экстремистік жайттың алды алынды. Жалған жиһадқа шықпақшы болған 278 қазақстандықтың жолы кесілді. Ал соғыс ошақтары мен лаңкестік белсенділік шоғыры жоғары елдерден оралған 79 отандасымыздың қазір 34-і қылмыстық жауапқа тартылды» — «Контртеррористі
Дереккөз: Евразия Бірінші арнасы