Дамаск. 24 ақпан. Сирияның Эль-Баб қаласындағы бақылау бекетінде көлікке мінген жанкештінің жарылыс жасауынан 29 адам қаза тапты. Бұл туралы Хабар 24 телеарнасы хабарлайды.
Жергілікті тұрғынның твиттерде хабарлауынша, теракт кезінде ТГИЛ-ге жақтас содыр өзін өзі жарып жіберген.
Сондай-ақ бұл куәгер оқиға орнынан жариялаған суреттен адамдардың қан-жоса болған мүрделері көрініп жатыр. Қазіргі уақытта жарылыстан 29 адамның қаза тапқаны расталды.
Дереккөз: Хабар 24