Багдад. 1 наурыз. «Ислам мемлекеті» (ИМ, Қазақстан аумағында тыйым салынған) лаңкестері Мосулдың батыс бөлігін тастауға тырысуда, бұл туралы CNN агенттігі Ирак полициясының фдералдық басшысы Раида Шаира Джаудатаға сілтеме жасап хабарлауда.
Оның айтуынша, лаңкестер бір-бірінен бөлініп қалған жағдайларда жиі болып турады, ал олардың басшылары ИМ ұйымының әзірше қорғауында тұрған үйшіктерден қашуда.
«ИМ террористік ұйымы есенгіреу, шок және жеңіліс күйінде, ал олардың лаңкестері оқшауланған жасақтар құрамында соғысуда», — деді Джаудат.
«Сол жердегі тінту бөлімшеміз террористік ұйымның қирау күйінде, ал оның басшылары Мосулдан қашуда екенін хабарлауда», — деп тоқтала өтті.
Бір ай бұрын Ирак қарулы күштері ИМ-тін Мосулдың шығыс бөлігінен ығыстырып шығарған. Террористік ұйымның қаланың батыс бөлігіндегі үйшіктері үкімет әскерлерінің оқ астында қалуда.
Мосул ИМ ұйымының Ирактағы бейресми орталығы болып табылады. Жер бетіндегі қарулы күштер қаланы азат ету операциясын 2016 жылдың 17 қазанында бастаған болатын.
Источник: Лента.ru