Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Татарстанда террорист Шамиль Басаевтің көмекшісі сотталды

Қазан. 1 наурыз.  Террорист Шамиль Басаевтің көмекшісі Азнакаев Нафис Калимуллин үкім ретінде 2 жыл 4 ай түрме абақтысына қамалу шешімін алды, бұл туралы IslamToday хабарлайды.

Атап өтсек, темір тордың арғы жағындағы ер азамат ірі көлемде қаражатпен алаяқтық жасағаны үшін ұсталған. Соттың ақпараттына сәйкес, 2016 жылдың күз мезгілінде ол қамаудағы адамның туыстарымен хабарласып оларға бір белгілі қаражатқа ер азаматтың мерзімінен бұрын шартты босатуға көмек беретіндігін хабарлаған. Ақшаны оған берісімен полиция қызметкерлері  оны тұтқынды.

Айта кетсек, Калимуллин,  «Дед Нафис» атағымен танымал, 1990-шы жылдары  «Исламдық джамаат» тыйым салынған террористік ұйымның азнакаевтық топтың басшысы болған. Ол жастарды Чечня аумағында қарулы соқтығысқа қатысуға белсенді тартқан. Ал 1996 және 1998 жылдары ол  лаңкестік ұйымдардың басшылары Шамиль Басаев және Аслан Масхадовпен  жеке көріскен.

2004 жылдың қараша айында Қазан қаласының 1000-жылдығын тойлату барысында террористік акт жасамақ болды деген, сондай-ақ заңсыз қарулы топ құрғаны үшін және қаруды заңсыз алып және оңы сақтағаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылған. Түрме абақтысынан ол 2014 жылы шықты.

Дереккөз: IslamToday

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *