Париж. 2 наурыз. Франция билігі сәрсенбі күні, 2 наурызда, бір отбасының төрт мүшесін теракт ұйымдастырды деген күдікпен қамауға алды, деп хабарлады Рейтер агенттігі заң саласындағы дереккөзіне сілтеме жасап.
Оларды Париждің шығысында орналасқан Клиши-су-Буа коммунасында ұстаған. Қазір олардың теракт жасау әрекетіне қатысы бар-жоғы тексерілуде.
Агенттіктің хабарлауынша, сол аумақта қаңтар айында жарылғыш зат дайындайтын компоненттер табылған.
Источнки: РИА Новости