Эль-Кувейт. 2 наурыз. Сәрсенбі күні, 1 наурызда, Ауғаныстан астанасында болған теракті нәтижесінде ең кем дегенде 15 адам қаза тапты. Бұл туралы ТАСС Al Jazeera катар телеарнасына сілтеме жасап хабарлауда.
Ауғаныстанның Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауына сәйкес, Кабулда болған теракті нәтижесінде 30-дан астам адам жарақат алды.
Бұған дейін Кабулда 3 шабуыл қатарынан болды. Экстремистер Кабулдың әр түрлі бөлігінде орналасқан артиллерия училищесін, полиция бөлімшесін және арнайы қызметтің ғимаратын оқ астына алған.
Бір қатар терактіні «Талибан» қозғаласының (Қазақстан аумағында тыйым салынған ұйым) лаңкестері өз мойынына алды.
Дереккөз: ТАСС