Астана. 4 наурыз. Парламент сенаторлары лаңкестерді ғана азаматтықтан айыруды ұсынып отыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.
«Қазақстан Конституциясының 10-бабы 2-бөлігін былай толықтыруды ұсынамын: «Лаңкестік қылмыс жасағандарды азаматтықтан айыру туралы шешімді тек сот шешеді. Сондай-ақ, республикамыздың мүддесіне аса ауыр зиян тигізгендерді де азаматтықтан айыру керек» деді депутат Аңсар Мұсаханов. Бұл ұсынысты сенатор Георгий Ким да қолдады.
Айта кетсек, бүгін Астанада мемлекет Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысумен Парламенттің бірлескен отырысы өтті.
Дереккөз: Tengrinews.kz