Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Пальмирада мыңнан аса лаңкестің көзі жойылды

Астана. 4 наурыз. Сирияның Пальмира қаласын азат ету операциясы барысында ДАИШ террористік ұйымының мыңнан аса содырының көзі жойылды. Бұл жайында Ресей Федерациясы әскери күші бас штабы бас жедел әрекет ету басқармасы басшысы, генерал-полковиник Сергей Рудской мәлімдеді.

Оның айтуынша, террористік ұйым өз сапындағы содырларынан бөлек, үлкен көлемде әскери техникалық шығынға ұшырады. «Пальмирадағы операция кезінде өлтірілген және жараланғандар саны 1000 адамды құрады. Бұдан бөлек, лаңкестердің 19 танкі, 37 әскери бронды көлігі, 98 әскери атқыш құралдары орнатылған көлігі және 100-ден аса жеңіл көлігі жойылды» деп атап өтті ол.

Еске сала кетсек, жуырда Сирия үкіметтік әскері Ресей қарулы күштерімен бірлесіп ДАИШ содырларынан Пальмира тарихи қалашығын азат еткені туралы РФ Қорғаныс министрі Сергей Шойгу Владимир Путинге мәлімдеген болатын.

Дереккөз: KazIslam

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *