Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Иракта ИМ содырлары химиялық қару қолданған

Багдад. 5 наурыз. Иракта содырлар Мосул қаласының тұрғындарына қарсы химиялық қару қолданған. Бұл туралы Хабар 24 телеарнасы Халықаралық Қызыл крест комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Салдарынан 10-нан астам адам уланып, ауруханаға түсті. Дені балалар мен әйелдер. Қазір жергілікті билік пен денсаулық сақтау министрлігі шұғыл әрекет ету жоспарын іске қосты. Әскерилердің хабарлауынша, «Ирак пен Левант лаңкестік тобы» улы иприт газын шаһардағы университет зертханасында жасаған. Халықаралық Қызыл крест комитеті экстремистердің химиялық қару қолдану дерегін қатаң сынға алып отыр. Ал, БҰҰ-ның елдегі гуманитарлық миссиясының өкілдері бұл оқиғаға қатысты тергеу жүргізуге шақырды.

Айта кеткен жөн, содырлардың Ирактағы астанасы саналатын Мосул үшін шайқастың жүріп жатқанына 5 айға жуықтап қалды. Қаңтарда оның шығысы толығымен азат етіліп, өткен айда батыс аудандарын жаудан тазарту шарасы басталды.

Дереккөз: Хабар 24

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *