Багдад. 6 наурыз. Мосул қаласын аза етуге қатысқан, Ирак федералды полициясының қызметкерлері «Ислам мемлекеті» (Қазақстан аумағында тыйым салынған) террористік ұйымның басшысы Абу Бакра аль-Багдадидің бауырын ұстағанын айтуда, бұл туралы РИА Новости, Al Sumaria жергілікті телеарнасы сілтеме жасап хабарлауда.
Телеарнаға белгісіз дереккөздің хабарлауына сәйкес, террористің туысын ұстауға Мосулдың батыс бөлігіндегі Джосак ауданында барлау жұмыстары көмегін тигізді. Бұл аудан таяуда террористерден азат етілген.
Телеарнаның жариялаған видеосында бірнеше әскери киімдегі сарбаздар сақалды кісіні әкетіп бара жатқаны бейнеленген. Әскери сарбаз камераға ұсталған » Абу Бакра аль-Багдадидің ағасының баласы» екенін хабарлайды.
Дереккөз: РИА Новости